Bugin
Бүгін Владимир Путиннің туған күні
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБиыл Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 67 жасқа толды. Соған орай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге телефон шалып, туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.
- Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті, - деп жазылған Ақорда сайтында.
Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.
Десе де, Тоқаев Путинді кеш барып құттықтады. Ал Белорусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова, Армения басшылары таңертең құттықтаған еді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61