Саясат
Газ мәселесі
Ресей "Солтүстік ағын-2" газ құбырының көмегімен Еуропаның сыртқы саясатына араласып, құрлыққа газ тасымалын әлсірететін болады.
Бұл туралы АҚШ Энергетика министрлігінің басшысы Рик Перри Вильнюсте өткен трансатлантикалық энергетикалық ынтымақтастық конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды The Baltic Times.
Оның айтуынша, салынып жатқан газ құбыры Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне "жойқын соққы" жасап, бәсекелестікті нашарлатады.
Перри "Солтүстік ағын-2" және "Түрік ағыны" Мәскеуге Украина арқылы газ жеткізуді тоқтатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.