Саясат
Қалған шаруа Ресейдің қолында
Құрама Штаттардың Сириядағы бітпес соғыстан шығатын кезі келді, деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында.
- Күрдтер бізбен бірге соғысты. Оларға ақша төлеп, қару-жарақпен қамтамасыз еткен де бізбіз. Ал күрдтер болса, Түркияға қарсы соғысты. Оның алдын алу үшін үш жыл күрестік. Бірақ енді АҚШ әскери күштерінің үйлеріне оралып, Сириядағы соғыстарды артта қалдыратын кезі келді. Бұл біз үшін мақсаты жоқ соғыс болды, - деп жазды.
Президент билікке келген кезде ДАИШ-тің (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Сирия аймағына қауіп төндіретінін еске салған болатын.
- Кейіннен бұл террористік ұйым жойылды. Мыңдаған ДАИШ содырлары, оның ішінде еуропалықтар да қолға түсті. Еуропа ДАИШ террористтерінің қолына түскен еуропалықтарды отандарына оралуына көмектескісі келмейді. Ендігі жауапкершілік Түркия, Еуропа, Сирия, Иран, Ирак, күрдтер мен Ресейге жүктеледі. Олардың барлығы ДАИШ жауынгерлерін жек көреді, - деп жазды Трамп.
Бұған дейін Америка Құрама Штаттары Түркияның шекарасына жақын орналасқан Сирияның солтүстігіндегі Талл Абьяд және Расулайн елді мекендерінде екі жол тосқауылдарын эвакуациялай бастады деп хабарланған болатын.