Саясат
Путин Сібірге барды
Бүгін Ресей басшысы Владимир Путин туған күнін атап өту мақсатында Сібір ормандарына барды. Оған бұл сапарда Қорғаныс министрі Шойгу серік болған.
Путиннің Сібір ормандарында түскен суреттері әлемдік БАҚ-тарда жаппай таралып, қызу талқыға түсті. Әсіресе, қытайлар жарыса жазып жатты. Оларды екі сұрақ қатты алаңдатқан еді: біріншісі "Путиннен кейін кім басшы болады?" десе, екінші сауалда Сібірді Қытайға қайтару мәселесі талқыланған.
Қытайлық желі қолданушылары Путиннен кейін Шойгу президент болуы мүмкін деген тұжырымға келген.
Ал Сібірге қатысты түрлі пікір жазылған. Көпшілігі "Сібір Қытайдың жері, оны қайтарып алу керек", "Путин біздің Сібірімізден тайып тұрғаның жөн", "Біздің әскерлеріміз тарихта Байқалға дейін барған, демек бұл біздің жеріміз", "1,5 млн гектар игерусіз жатқан қайран жер-ай, қайтарып алуға міндеттіміз", "Болашақта бәрібір біздің жеріміз болады" деп жарыса жазды.