Bugin

Жер бергені үшін аудан әкіміне айыппұл салынды

Өмір бойы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыдағы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары 200 мың теңге пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл төлейтін болды.

- Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 7 қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61