Bugin

Жантүршігерлік баланың өлімі мен Тоқаев арасында қандай байланыс бар?

Дайындық болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында Атырауда болған кішкентай баланың өлімі ел-жұрттың жанын түршіктіргені белгілі. Әсіресе, әйелдерді босандырумен айналысатын дәрігерлердің жаңа туған нәрестені қасақана өлтіргені көптің ашуына тиді. Яғни, медиктер баланың тірі туылғанын көре тұрып, оған алғашқы медициналық көмек түрлерін жасамаған көрінеді.

Жалпы, мұндай жағдайлар Қазақстанда көп болады. Бұған Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының жыл сайын жария ететін есеп деректерінен білуге болады. Яғни, қор қызметкерлерінің айтуынша, балалардың көпшілігі (61 пайызы) дұрыс медициналық көмек көрсетілмеудің кесірінен өлім құшады.

- Ең таңқаларлығы – нәрестелерге медициналық көмек көрсетілмеудің не туабітті дерттердің себебінен емес, көбінесе, оңтайлы медициналық көмек көрсетілмеудің кесірінен бала өлімі жиі болатындығы. Демек, медицина қызметкерлерінің жүкті әйелге антенаталдық, сонымен қатар, интранаталдық және босанудан кейін күтім көрсету саласындағы кәсіби әлеуеті әлсіз, - делінген қордың 2018 жылғы есебінде.

Соған қарамастан, Қазақстанда жыл сайын бала өлімі азайып келеді. Нәрестелердің өлімінің коэффициенті 1990-2017 жылдар аралығында 1000 тірі туған балаға шаққанда 45-тен 9-ға дейін төмендеген.

Ал былтыр Қазақстанда бір жасқа дейінгі сәбилердің 3800-і көз жұмған.

Сондықтан осынау сәбилердің өлімінен кез келген деректі тауып алып, қылмыстық іс қозғауға болады деген сөз. Ал бұл кейбір биліктегі тұлғалар үшін ақпараттық толқын жасауға жетіп жатыр.

Әсіресе, Атыраудағы сәбидің өлімін Ресейдегі блогер, кезінде Бауыржан Байбекпен жақын жұмыс жасаған Илья Варламовтың назарын аудартқаны қызық болып тұр. Ал Илья Варламов ақылы түрде жұмыс істейтін блогерлердің қатарына жатады.

Мұның барлығы Қанат Тезекбаевтың ісіне қарай ақпараттық фон жасау үшін жасалып жатқан әрекетке ұқсайды. Бұған дейін біз құқық қорғау органдары Қанат Тезекбаевтың ісін тезірек бітіріп, оны соттау үшін ақпараттық дайындық жасауы мүмкін деген болжам жасаған едік. 

Оқи отырыңыздар: Тоқаевтың шешімі Назарбаевтың шамына тиюі мүмкін: Күдебаевтың қызметінен қуылуы мүмкін бе?

Ал кейбір күштер мұны Тезекбаевқа араша түскен Тоқаевтың беделін түсіру үшін де қолданып кетуі мүмкін. Мұны Тоқаевтың жанында жүрген, Президент әкімшілігінде жүргендердің істеп отырған әрекеті болса керек. Өйткені оның жанында Назарбаевтың әулетіне жұмыс жасайтын адамдар көп деген сыбыс бар.