Саясат
Жұмсақтық таныту арқылы Донбасты қайтармақшы
Украина президенті Владимир Зеленский Донбастан тауарларды тасымалдау және азаматтардың өтуі рәсімін жеңілдетуді тапсырды. Тиісті жарлық Украина мемлекет басшысының сайтында жарияланған.
Атап айтқанда, уркаин билігі барынша Луганская стансасы ауданындағы бақылау-өткізу пунктіне (БӨП) мән беріп отыр. Өйткені ол Луганск республикасымен шекараласып жатқан Украинаның жалғыз "кедені".
Украина Қарулы Күштері Бас штабының көпірді және басқа да инфрақұрылымды жөндеу, өткізу пунктінде тәулік бойы күзетуді қамтамасыз ету тапсырылды.