Саясат

Олар жоспарлы түрде қашып кетті: Тоқаев даулы жобаның ісін жедел тергеуді тапсырды

Тоқаев маңызды тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өкен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысы ісін тергеуді жеделдетуді тапсырды.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тергеуді жеделдеу тапсырмасымен жүгінгім келеді. Біреулердің шетелге қашып кеткендігін айтып, үстімен жүруге болмайды. Бұл жоспарланған қашып кету екендігі түсінікті. Өзгелерді, оның ішінде шешім қабылдаған әкімдіктің басшыларын қаперден тыс қалдырмау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тіпті ол LRT компаниясының басшысы болса да бір ғана орындаушыға ғана назар аударылатын проблема еместігін баса айтты.

«Мәселен, шешімді әкімдік қабылдады. Тереңірек тексеріңіздер, бұл өте даулы жоба, экономикалық тұрғыда түсініксіз. Әрине, Үкімет пен әкімдіктің қол қолауымен оны жүзеге асыруға тура келеді. Себебі халықаралық міндетте бар. Бұл проблеманың мән-жайын анықтайық», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

inform.kz