Саясат

Украина: Ресеймен бейбітшілік келу мүмкін емес

Қырым мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты реттеу бойынша жасалған уағдаластық Ресеймен бейбітшілік орнатудың көрінісі емес. Бұл туралы "Укринформ" басылымына елдің еуропалық және еуроатлантикалық интеграция мәселелері жөніндегі вице-премьер-министр Дмитрий Кулеба мәлімдеді.

Оның айтуынша, украин билігі реалист болуы тиіс және Ресей әлі де Украинаның дамуына кедергі жасауға тырысатынын анық түсінуі керек. 

- Өйткені Ресей Қырымды басып алу арқылы бірінші болып өзі дау-дамайды бастаған еді. Донбасс жөніндегі келісім Ресеймен бейбітшілікке келдік деген сөз емес, - деді Кулеба.

Ол сондай-ақ Ресейдің стратегиялық мақсаты "Украина бағытының өзгеруі" деп санайды. Саясаткер Киев еуроинтеграция мен елдің НАТО-мен жақындасуы бағытын әлі де жалғастыратынына сендірді.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61