Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев кенже қызын мемлекеттік сыйлықпен марапаттады

Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаев "Анаға апарар жол" фильмі үшін марапатталды

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болғандарды марапаттады.

Бүгін Ақордада өткен салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев кіші қызы Әлия Назарбаеваны бетінен сүйіп, мемлекеттік сыйлықпен марапаттады. Әлия Назарбаева өзі бас продюсер болған "Анаға апарар жол" толық метрлі көркем фильмі үшін марапаталды.

Сонымен қатар мемлекеттік сыйлыққа фильмнің қоюшы режиссері Ақан Сатаев, сценарий авторы Тимур Жақсықылов, ана рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек, Ілияс рөлін сомдаған Әділ Ахметов ие болды.

Бұған қоса "Абай" операсы үшін опера қойылымы тобының жетекшісі Төлеубек Әлпиев, "Абай" операсындағы Абай партиясын орындаушы Сүндет Байғожин, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акцонерлік қоғамының директоры Ғалым Ахмедьяров та мемлекеттік сыйлық иеленді.

Сонымен қатар, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов "Алқоңыр дүние"өлеңдер мен балладалар жинағы үшін, ақын Ақұштап Бақтыгереева "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін, ақын Өтеген Оралбаев "Шуақты шақ" өлеңдер жинағы үшін марапатталды.

Дереккөз: sputniknews.kz