Саясат
Шыңжаң - Қытайдың жері
"Шыңжаң - Қытайдың ішкі мәселесі, оған АҚШ-тың араласуға хақысы жоқ" деп мәлімдемеді Қытайдың Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың 28 ұйымға салған санкциясына наразылық танытып. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі қара тізімге 28 қытай ұйымын қосатынын мәлімдеп, бұл ұйымдарды қара тізімге қосудың себебі ұйғыр халқының «құқығын бұзу» деп түсіндірген еді. Бұл әрекеттердің салдары – осы ұйымдармен сауданы лицензиялауға қосымша шектеулер болады.
- АҚШ халықаралық шарттарды бұзып отыр. Сондықтан біз оның шешіміне қарсымыз, - деді дипломат.
Оның айтуынша, Шыңжаң мәселесі – тек Қытайдың ішкі ісі және оған ешкім араласуға құқылы емес.