Саясат

Дариға Назарбаева әйелдерді билікке келуге шақырды

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барғанда айтқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева аймаққа сапарлай бастады. Алғаш ат басын бұрған жері – Ақтөбе облысы болды. Мұнда бірнеше кездесу өткізіп, Nur Otan» партиясының облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады.

- Палата төрағасы облыстағы кәсіпкер әйелдерімен кездесуде мемлекеттік басқаруға, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілді органдар жұмысына әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді. Д.Назарбаева кездесуге қатысушыларға отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының жаңа жобасын талқылау туралы әңгімеледі, - деді Сенаттың баспасөз қызметінен.

Гендерлік теңдік қағидалары – құжаттың негізіне айналып отыр.

- Біздің міндетіміз – әйелдердің мемлекеттік басқаруға, саясат пен экономикаға қатысуын кеңейту. Мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Араб елдеріндегі ахуалмен бірге әлемдік тәжірибеде әйелдердің үкіметке, аймақтарға басшылық етуге және депутаттық корпусқа қатысуын квоталауға дейін әркелкі шешімдер ауқымын көрсетіп отыр, - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Ал Назарбаеваның аймаққа сапарлай бастағанын түсіндірген "Ұзын құлақ" телеграм-арнасы алдағы парламенттік сайлауда сенат төрағасының өзіне қажет жақтастарды жинау үшін жұмыс сапарын бастады дейді.

- Парламентке 15 депутатты тағайындау Тоқаевтың қолындағы құзірет. Ол оны Дариға Назарбаеваға бермейтіні хақ. Өзінің адамдарын отырғызады. Сондықтан сенат төрағасы өзіне қажет адамдарды дәл осы парламенттік сайлау арқылы жанына тартқысы келеді, - деп жазады аталмыш арна.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61