Bugin

Ресейдің Қорған облысында қазақ сыныбы ашылды

Бұрын жоқ еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорған облысының Макушин ауданында алғашқы қазақ сыныбының ашылуына орай Солтүстік Қазақстан облысынан делегация барып, әдістемелік оқулықтарды сыйға тартты.

Қазіргі уақытта Қорған облысында 12 мың қазақ тұрады. Ересектер жағы ана тілін және ұлттық мәдениетті үкіметтік емес ұйымдардың құрамында қоғамдық қызметті жүзеге асыру барысында қолдануға мүмкіндік алса, балаларға қазақ тілін меңгеру қиындық тудыратын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының мәліметінше, игі бастамаға Қорған облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Қайрат Оралов мұрындық болды. Макушин ауданында қазақ сыныбының ашылу салтанатына өңірден тілдерді дамыту жөніндегі басқарма, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері кірген делегация барды.

- Қазақы дәстүр бойынша сынып оқушылары мен олардың ата-аналары бізді шашу шашып қарсы алды. Қазақ сыныбының ашылуы елдегі ұлтаралық келісімді бекітеді, екі облыстың ғана емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты дамытады. Мұндай іс-шаралар әлеуметтік-саяси, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында өзара тәжірибе алмасуға мықты тұғырнама, - дейді делегация мүшелері.

ҚазАқпарат

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61