Саясат
Тергеуге келуі тиіс
Трамп импичмент аясында жауап алуға шақырылып, одан ол бас тартатын болса, бұл тергеуге кедергі келтіру боп саналмақ. Мұны АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері, демократ Нэнси Пелоси айтып отыр.
- Егер Трамп шындықты жасыруға тырысса, оны бүкіл ел білетін болады, - деді Пелоси.
Оның ойынша, Трамп 2020 жылы өтетін сайлауға қатысқысы келеді, сондықтан да заңсыз әрекеттерін жасыруға тырысып, тергеуге кедергі келтіріп отыр.
- Ал Трамптың өзі президенттікке келерде Конституцияны қорғаймын деп алып, енді оған қарсы шығып отыр. Президент мырза, сіз заңнан жоғары емессіз, сондықтан сіз жауап бересіз, - деді спикер.