Саясат
Өз-өзіне басшы мемлекет
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркия өз әскерлеріне шетелдегі операцияларға қатысуға рұқсат берді. Бұған қатысты Ұлы ұлттық жиналыста (парламентте) дауыс беру өтіп, сол бойынша оң шешім қабылданды, деп хабарлайды ТАСС.
Мандат мерзімі бір жылға — 2020 жылдың 30 қазанына дейін ұзартылды. Құжат бойынша, түрік әскері Сирия мен Ирак аумағында әрекет ете алады. Сонымен қатар, Түркия аумағында, Анкараға шетелдегі операцияларына көмектесетін үшінші елдердің базасы мен күштерін орналастыруға рұқсат етіледі.
Бұған дейін The National Interest сарапшылары Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған Сирияда бастауды жоспарлап отырған әскери операция бұл аумақты "түрік Вьетнамына" айналдырып, Анкара үшін жеңіліспен аяқталуы мүмкін деп болжаған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61