Bugin
Пара алған деген айыппен
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com8 қазан күні, бүгін, Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Алматы облысының бірнеше бас полициясының ұсталып, пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
- Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы және Түркісіб аудандық полиция басқармасының учаскілік инспекторы пара алды деген күдікпен ұсталды. Олар ауыр қылмыс жасаған тұрғынның жазасын жеңілдету үшін 1 млн 250 мың теңге алмақ болған, - деп хабарлайды агенттік.
Сондай-ақ, осындай күдікпен ұсталғандардың тағы бірі – Қарасай аудандық полиция басқармасының тергеушісі. Ол да қылмыстық істі жылы жаппақ болып, тұрғыннан 2 млн 500 мың теңге алмақ болған.
Қазір олар тергеу изоляторында. Ақтық шешімді сот шығаратын болады.
Айта кеткен жөн, соңғы уақыттары Қазақстанда пара алып ұсталған полицейлер "көбейіп кетті". Сондай жағдайлардың бірі кеше белгілі болды. Батыс Қазақстанда пара алған Ұлттық ұлан командирінің орынбасары ұсталып, 7 жылға сотталған еді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61