Weekend
Айтылған сөз - атылған оқ
Мексика тұрғындары қала әкімінен кек алды. Лас-Маргаритас муниципалитеті әкімшілігі басшысының жұмысына наразы болған тұрғындар сөзден іске көшкен көрінеді.
Олар шенеунікті пикапқа (көлікке) байлап, көше бойымен сүйреген екен. Бірақ бағы бар екен. Жолда полиция қызметкерлеріне жолығып қалып, аман қалған. Дәрігерлер қарап шықты. Жағдайы орынша.
ТАСС хабарлағандай, әкімшілік басшысы тұрғындарға жол салып беруге уәде берген, бірақ көптеген өтініштерге қарамастан, ол уәдесінде тұрмаған. Тұрғындардың шыдамы таусылып, елді мекенде тәртіпсіздік басталады. Полициямен қақтығыс кезінде 11 адам зардап шегіп, тағы 30-ы қамауға алынған.