Экономика

Сапарбаев зейнетақыны кімдер шешіп ала алатынын түсіндірді

Бәрі азаматтың зейнетақы қорына жиналған қаржысының сомасына байланысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында азаматтардың зейнетақысы мен оны шешіп алу жолдары жайында тоқталып, қазір арнайы комиссияның жұмыс жасап жатқандығын айтты.

- Арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр қазір. Ұсыныстарды дайындап, өткізетін боламыз. Бірақ бұған дейін айтып жүргенімдей, азаматтардың зейнетқыны қордан шешіп алуы, оның сомасы мен рұқсаты – бәрі жинаған қаржысына тікелей байланысты болады, - деп атап өтті Сапарбаев.

Әсіресе, азаматтың зейнетке шыққанға дейін қанша сома жинауы мүмкін – сонысы ескерілетін көрінеді.

- Яғни, жинаған қаржысы азаматтың зейнетке шығуына жеткілікті ме әлде жоқ па – сол жағы маңызды, - дейді Сапарбаев.

Бұған дейін айтқанымыздай, үкіметтік органдар азаматтарға зейнетақыларын беру мәселесін осы жылдың соңына дейін шешуі тиіс.

Zakon.kz