Bugin
Министрлік уақытша деп отыр
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақ-орыс шекарасында кептеліс пайда болғанын әрі мұның уақытша нәрсе екенін айтып отыр.
- Күз бен көктем кездерінде Орталық Азиядан Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек тасыған жүк көліктері көбейеді. Олардың барлығы Қазақстан арқылы өтетін белгілі. Қазақстан мен Ресейдің шекарасында 51 өткізу пункті бар. Солардың қайсысы тезірек өтуге ыңғайлы, соны өздері таңдап алып өтеді. Дегенмен, маусымдық мәселе болса да, мұны шешу қажет, - деді Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу кезінде.
Бұл мәселе енді Омбы қаласында өтетін форумда талқыланбақ. Ол 7 қараша күні өтеді.