Саясат
Хаджимба 47,39% дауыспен жеңіске жетті
Абхазияның жаңа сайланған президенті Рауль Хаджимба сәрсенбіде Конституциялық сот судьялары мен Абхазия парламентінің алдында ант қабылдап, қызметіне кірісті.
- Абхазияда өткен президент сайлауы біздің еліміздегі демократиялық принциптерді ұстанатынын растады және Абхазия Республикасының мемлекет ретінде ауқаттылығын көрсетті, - деді Парламент төрағасы Валерий Кварчия.
Ал Хиджамба антты абхаз тілінде беріп, елтаңба мен мөртаңбаны алды.
- Сайланған мемлекет басшысы ресми түрде қызметке кірісті, - деді парламент спикері.
8 қыркүйекте Абхазияда президент сайлауының екінші туры өтті. Хаджимба 47,39% дауыспен жеңіске жетті. Оның қарсыласы, оппозициялық «Амцахара» партиясының төрағасы Алхас Квициния 46,99% дауыс жинады.