Саясат

Сауд Арабиясы шабуыл жасауға дайын

Мұнай мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Saudi Aramco компаниясы  дрон шабуылынан зардап шеккен мұнай өндірісін қараша айының соңына қарай қалпына келтіреді. Бұл туралы Лондондағы Oil & Money конференциясында компания басшысы Амин Нассер мәлімдеді, деп хабарлайды CNBC.

Алайда ол мұнай нысандарына тағы да шабуыл жасала ма деп қауіптеніп отыр. Өйткені қыркүйек айында болған оқиға халықаралық деңгейде аса шу көтере қойған жоқ. Яғни, ешкім жазаланған жоқ. Ал өзін "жазасыз" сезінгендердің тағы да шабуыл жасамасына ешкім кепілдік бере алмайды. 

Сауд Арабиясы әлемдегі ең ірі экспорттаушы және көлемі жағынан әлемдегі екінші мұнай өндіруші ел болып табылады. Қазір оның өндірісі екі есе қысқарып қалды.