Спорт
Командалар үшін ақша табудың жолы
Жақында ғана "Ақтөбе" мен "Жетісу" жастар командалары арасында өзара келісім болғаны белгілі болып, БАҚ беттері шулап кеткен еді. Бірақ бұл қазақ футболындағы жалғыз жайсыз жайт емес.
2007 жылы ойынды "Қайратқа" қасақана бере салған "Екібастұз" суперлигадан аластатылса, 2008 жылғы жоғарғы лигадағы "Восток" пен "Шахтердің" ойыны да келісілген боп шығып, екі команда да ауыр жаза алған еді. "Востокты" төменгі дивизионға жіберілсе, "Шахтердан" 9 ұпайын шегеріліп тасталды.
Келісілген кездесулер көбі жабық күйде қалады. Осыған қатысты "Қайрат" клубының президенті Қайрат Боранбаев ресей баспасөзіне сұхбат беріп отырып былай деген еді:
- Қазақстан чемпионатында өтетін жыл сайынғы ойындардың 10 шақтысы келісілген мачтар. Әрине, бірінде төрешілер қателессе, енді бірінде ойыншылар "қателісіп жатады". Сондай сәттің бірі ретінде "Астана" мен "Шахтер" ойынында болған еді. Қақпаға тебілген жай доптың өзін қақпашы ұстай алмай қызық болған еді, - дейді ол.