Саясат
Қылмысы дәлелденсе, ұзақ уақыт "отырады"
Қытайдың АҚШ-тағы профессорына экономикалық тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды "Bloomberg" сайты.
АҚШ прокуроры Чжан Хау есімді профессордың шпиондықпен айналысып, АҚШ-тың экономикалық құпия деректерін Кайман аралдарындағыжалған компания арқылы ұрлап, қытай үкіметіне беріп отырған деп айып тақты.
Чжанның өзі Қытайдағы белді университеттерінің біріне ұялы телефондарға арналған радиофильтр құрастырумен айналысқан көрінеді. Ал қытай ғалымының адвокаты Чжанның бұл технологияны қытайдың мүддесі үшін емес, ғылымның дамуы үшін құрастырып жатқанын айтады.
Жалпы, АҚШ құқық қорғау органдарының жоғары технология саласын зерттеумен айналысатын қытай азаматтарын тыңшы деп бірінші рет айыптап отырған жоқ. Бұған дейін де талай ғалымға осы тектес айып таққан еді.