Саясат
Ердоған «Бейбітшілік көктемі» операциясын бастап кетті
Ердоған «Бейбітшілік көктемі» операциясын бастады, деп хабарлайды "RT.COM" сайты.
Түркия басшысы Тайып Ердоған Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтер басқаратын жасақтарға қарсы әскери операция бастады. Анкара күрд жасақтарын террорист деп, бұл аймаққа «бейбітшілік» орнату үшін шабуыл жасау қажет деп есептейді.
Ердоған бұл операцияның тек күрдтер басқарған әскери топтарға ғана емес, Түркияда тыйым салынған ПКК содырлық топтарымен, сондай-ақ «Ислам мемлекеті» (бұрынғы ISIS, Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестеріне де бағытталатынын айтты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоғанның мәлімдемесінен кейін Түрік ұшақтары мен артиллериялары Сирияға шабуылдауға бірден кірісе бастаған.
Әзірге жалғасып жатқан әуе соққыларында Түркия Сирия шекарасындағы әуе кеңістігін жауып тастады. Жаңадан шығарылған NOTAM-ға (ұшқышқа ескерту) сәйкес , халықтық ұшақтарға бұл жерден алыс болу керектігі ескертілген.
Хабарға қарағанда, әуе және артиллериялық соққылар Сириямен шекаралас Тель-Абьяд және Рас аль-Айн қалаларын нысанаға алған.
Әскери операция негізінен этникалық күрдтерден тұратын Сирия Демократиялық күштері (SDF) деп аталатын топқа бағытталған көрінеді. SDF Америка Құрама Штаттары бастаған коалицияның жақын одақтасы болып табылады, оның мүшелері «IS»-ке қарсы ұзақ жылдар бойы күрес жүргізді.
Тәуелсіз күрд мемлекетін құруды көздейтін ПКК содырлары Түркияның оңтүстік-шығысында шағын көдемде көтеріліс ұйымдастырып келе жатқанына ондаған жылдар болды. Түркия аталмыш партияны террористік ұйым ретінде ғана емес, сонымен қатар Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ның лаңкестік ұйымы деп санайды.