Саясат
Олар ашынғанын айтып отыр
Мексиканың Лас-Маргаритас аймағында жергілікті халық мэрді сөзінде тұрмағаны үшін жазалады. Олар "жол саламын" деп уәде беріп, бөлінген қаржыны жымқырған басшының аяғына арқан байлап, көлікпен сүйреген.
Қала басшысы Хорхе Эскандон бұған дейін халыққа жол саламын деп уәде етіп, артынша ол сөзінде тұрмаған көрінеді. Тіпті, кейіннен халықтың сөзін ескеруден қалған. Осылайша ашынған халық оны өз беттерінше жазаламақ болған. Көлікке мэрді байлап, қала көшелерімен сүйреген халықты құқық қорғаушылары әрең тоқтатқан. Аталмыш әрекетке барғандардың барлығы тұтқындалған.
Осылайша қала басшысы жарақат алып, ауруханаға түскен. Бұл әрекетке халық "ашынғаннан бардық" деп отыр.