Саясат

Күрдтер Түркияның мұнай ұңғымаларын өртеп жіберді

9 қазанда Түркия президенті Сирияда әскери операция басталғандығын жариялаған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирия Демократиялық күштерінің (СДК) күрд бөлімшелері Түркияның Сириядағы әскери операциясына жауап ретінде елдің солтүстік-шығысындағы Аль-Хасака ауылындағы бірнеше мұнай ұңғымаларын өртеп жіберді. Бұл туралы SANA хабарлайды.

Одан бөлек, СДК жауынгерлері ізін жасыру үшін штаб-пәтердегі құжаттарды да өртеп жіберген.

9 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Күрдістан жұмысшылар партиясы мен «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған) қарсы Сирияда әскери операция басталғанын жариялаған болатын және операция «Сирияның еркін әскерінің» бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Бұл операция – «Бейбітшілік көзі» деп аталды. Алғашқы қарқынды соққылар Хасака провинциясында болды. Рас- аль-Айн тұрғындары операция аймағын тастап кетіп жатыр.