Саясат

Назарбаев Шпекбаевпен қандай мәселені талқылады?

Елбасы Шпекбаевты қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Тұңғыш Президенті агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың осы түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттігіне назар аударды.

«Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет. Заң бұзылған жағдайда азаматтар уақтылы хабарлауға тиіс, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек», – деді Елбасы. Кездесу барысында Алик Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61