Саясат

АҚШ күрдтерді босатып жатыр: Түркияны құлдыратамын деп қорқытуда

АҚШ Түркияға тек санкциялармен ғана шектеліп қалмайтындығын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Трамп түрік үкіметіне тағы да ескерту жариялады. Яғни, Сирияның солтүстігіндегі күрдтерге шабуыл жасаса, түрік экономикасына соққы жасаймын деп қорқытты. Оны Трамп 9 қазан күні Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

- Егер түріктер шабуыл жасайтын болса, мен онда олардың экономикасын құлдыратамын. Кезінде пастор [Эндрю] Брансонға да осылай істеген едік (Түркияда оны террористермен байланысы бар деп айыптаған еді – ТАСС), - деді Трамп.

- Егер Ердоған операцияны адамгершілік жолмен жасамаса, санкциядан да асқан ауыр жаза қолданатын боламын. Ердоған президенттікке келгеннен бері Сирияға соғыс ашуды ғана ойлады. Мен оны тоқтатуға тырыссам да, ол соғысқа барды, - деді тағы да Трамп.

АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы Түркияның операциялар жүргізу аймағынан өз әскери қызметшілерін шығарып алды деп хабарлады Трамп.

- Ол жерді біздің әскеріміз жоқ. Біз Түркиямен үш жыл бойы келіссөз жүргіздік, бірақ болмады. Олар соғыс бастағысы келді. Өйткені түріктер мен күрдттер сан ғасырлар бойы соғысып келеді. Біз де осы соғысқа қатысып, 30 күнде жеңіп шығамыз деп ойладық. Бірақ көп жыл кетті, енді аймақтан кететін уақыт жетті, - деді ол.

Ақ үй басшысы қазіргі уақытта Түркиямен әлі де келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті. Сириямен де, Түркиямен де байланыс ұстап отырған көрінеді. Екі елдің арасында бейбітшілік орнатқысы келетін сынды.

Трамптың айтуынша, АҚШ бұдан бұрын қолға түскен «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) содырларын босатып жатыр. Бірақ елден таса жерге апарып жатқан көрінеді.

Сәрсенбі күні Анкара Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік көзі» деп аталатын жаңа әскери операцияның басталғандығын жариялап, күрд әскерлеріне бомба тастады. Операцияның мақсаты – Анкара жоспарына сәйкес, сириялық босқындар Түркиядан орала алатын жерде буферлік аймақ құру.