Саясат

«Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретінде лауазымды адамдар анықталды

Сыбайлас жемқорлық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тергеу тобы «Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретіндегі лауазымды адамдарды анықтады. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

«Тергеу «Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретіндегі лауазымды адамдарды анықтады. Олар елорда әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС-ның, мердігерлік ұйым басшылары мен жобаның жүзеге асуына қатысты адамдар», - деді Сергей Перов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта істің мән-жайын тезірек анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз әкімдік пен ЖШС қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Нақты шеңберді айқындап, айтып бере алмаймын. Бірақ барлық адамдар анықталу үстінде. Оның ішінде әкімдіктің басшылық құрамы да бар. 10-нан астам адам тексерілуде. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біз Астана LRT қызметіне қатысты құжаттарға қолдың қойылуымен байланысты адамдардың айналасын анықтадық. Әр адамның жауапкершілік деңгейін анықтаймыз», - деп толықтырды Сергей Перов.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды. Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

inform.kz