Bugin

ІІМ: Күдебаев тексеруден өтеді

Қазір жұмыста жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы, жақында ғана ауыр қазадан ес жиған Серік Күдебаевтың жағдайы қалай?" деген тілшілердің сұрағына Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчук "жағдайы орынша" деп жауап берді.

- Қазір жұмыста. Қызметтен шектетілу деген болған жоқ. Қазір аттестацияға, тексеруге дайындалуда. Басшы болып отырғандықтан аттестация кезінде тиісті сауалдар қойылатын болады. Аттестация келесі аптада басталады, - дейді орынбасар министр.

Одан бөлек, Калайчук Күдебаевтың "отбасы қан жылап отырса да, еш демалыс алмағанын, жұмыста болғанын" айта кетті.

Серік Күдебаев Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы болып 2013 жылы тағайындалған. Содан бері алты жыл өтсе де, бір қызметте отыр.

Ал жақында оның 27 жастағы Нұрсұлтан Күдебаев есімді ұлы қаза тапқан еді.

Tengrinews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61