Саясат
Ердоған: Мұның барлығын Башар Асадтың режимі шешеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің Сирияда әскери операция жүргізуге құқылы екенін түсіндірді. Оның сөздерін "Yeni şafak" келтіреді.
Ердоғанның айтуынша, түрік әскерлері Адан келісімі бойынша Сирияда.
- Осы келісімге сәйкес, егер режім Күрдістан жұмысшылар партиясына қарсы шара қолданбаса, онда біздің әскерилер террористерді қудалауға құқылы, - деп түсіндірді ол.
АҚШ-тың хабарланған қорқыту сөздеріне жауап ретінде түрік басшысы Сирия президенті Башар Асадтың Америка әскерін еліне шақырмағандығы туралы айтты.
Бұған дейін АҚШ сенаторлары Сирияда әскери операция бастаған Түркияға қарсы санкциялар салуды ұсынған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға қарсы санкциялардан да гөрі қатаң шаралар қабылдауға дайын екендігін айтқан еді.