Саясат

Трамп: Күрдттер бізге дүниежүзілік соғыста көмек бермей қойған...

АҚШ күрдтерге көп шығынданғанын алға тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Реджеп Ердоғанның ауқымды операция туралы мәлімдемесінен кейін Сириядағы күрдтерді қорғаудан бас тартты. Ол АҚШ-тың күрдтерге өте көп ақша жұмсағанын атап өтті, деп хабарлайды Washington Post.

Ол сонымен бірге күрдтердің АҚШ-қа Екінші дүниежүзілік соғыста, оның ішінде Нормандиядағы әскери операция кезінде көмектеспегенін, тек өзіне жер керек болған соң ғана күрес жүргізіп жатқанын атап өтті.

Америка президенті «бұл туралы біреу өте күшті мақала жазды» деп атап өтті, бірақ ол қандай материал екендігін нақтыламады. Жергілікті журналистер оны консервативті автор Курт Шлихтердің бағанына сілтеме жасауы мүмкін деп болжады.

- Не айтса да, бізге күрдтер ұнайды, - деп ол Түркияның Сирияға басып кіруі туралы сұрақты қорытындылады.

Күрдтер – Сириядағы ең көп этникалық топ. Сирия халқының 15 пайызын құрап отыр.



Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61