Weekend
Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек?
Жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Сондықтан «Кім боласың?» деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді.
Көптеген оқушылар ата-анасы, туыстары, мұғалімдері қалаған мамандыққа баруды ұйғарады. «Диплом алып алайын, қалғанын көре жатармын» деп ойлайды. Дәл осылай ойлаған қаншама адам кейін мүлде басқа салада табысты жұмыс істеп жүр. Кейде ата-анасына ерегесіп, мамандық алмағандар да ақыл тоқтатқан кезде өкініп қалып жатады. Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі.
Мамандық таңдау-сені улкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.
Бүгінде мен Т. Жургенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында, "Медиажурналистика"факультетінің студентімін осы уақыт аралығында түсінгенім, бұл мамандықтан тек қана тележургізуші, диктор емес, сондай-ақ: продюсер, режиссёр, оператор мамандықтарын қоса игеріп шығамыз. Үлкен қуанышқа орай, мамандық таңдаудың алдында қатты қиыншылықты басымнан өткерген жоқпын.
Мектеп қабырғасынан бастап Қазақ жерінің атын барша әлемге танытқым келеді деп өзіме арман етіп, мақсат қойғанмын. Сондықтан ойланбастан журналист мамандығын таңдаймын деген шешімге келдім. «Неге журналист?» деп ойлайтын шығарсыздар. Себебі журналист нағыз ХХІ ғасыр мамандығы, ал ХХІ ғасыр –ақпарат пен жаңалықтың ғасыры.