Саясат
Бейжің "Бішкек қарызды төлеуі тиіс" деп отыр
Қырғызстан билігі қытайдың Экспорт-импорт банкімен қарызды кешіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жайында Қырғызстанның қаржы министрі Бақтыгул Жеенбаева қыркүйек айында өткен парламент отырысында айтқан еді.
Алайда бүгін жеткен ақпаратқа сай, Қытай тарапы Қырғызстанның қарызын кешіруден бас тартқан.
- Өйткені қазіргі таңда Бішкектің экономикалық әлеуеті қарызды төлеуге жетерлік, - деп жауап берген ресми Бейжің.
2019 жылдың қыркүйек айына сәйкес, Қырғызстанның қытай алдындағы қарызы $3 млрд 785,9 млн доллар болған. Бұл ІЖӨ-нің 43,7%-на тең. Қарыздың ең көп бөлігі Қытайдың Экспорт-импорт банкіне тиесілі, оның деңгейі$1 млрд 703,9 млн құрайды.
Ұлтшылдар қарыздың қарымтасы жермен қайтарыла ма деп алаңдауда.