Woman
22 мың әйел заңсыз аборт құрбаны болды
Қазақстанда отбасын жоспарлау туралы пән енгізу керек пе?
2018 жылы жүктілікпен ресми түрде тіркелген жасөспірімдердің саны - 6000, оның ішінде 3500 жеткіншек жасанды түрде түсік жасатқан.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша, 2019 жылдың бірінші жартысында 200-ге жуық бойжеткен түсік жасатты. Олардың онға жуығы - 14 жасқа толмағандар.
Ал аборт жасату бойынша, Қарағанды мен Ақтөбе облыстары көш бастап тұр.
БҰҰ ұсынған ақпаратына сүйенсек, дүниежүзі бойынша 25 миллион қауіпті операция жасалады. Осындай медициналық процедура салдарынан 22 мың әйел көз жұмған, 7 миллионы отада бедеулікке әкеп соқтыратан жарақат алған.
Мамандар жасанды түсік жасау көп жағдайда бедеулікке алып келетіндігі туралы ескертеді.