Саясат
Әркімнің өз шындығы бар
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу АҚШ президенті Дональд Трамптың Сириядағы операцияларға байланысты сөздеріне жауап берді. Бұл туралы ол CNN Turk телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, көрші мемлекеттегі түрік әскери қызметшілерінің іс-әрекеті елдің амандығымен байланысты, ал Түркия елі мен халқының болашағы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Чавушоглу АҚШ-тың өзгермелі саясатына байланысты ишара білдіре отырып, "одақтастарымыздың өзі террористер жағына шығуы мүмкін".
- Анкара қандай да бір елеулі оқиға болған жағдайда ешкімге сенім артпай, өзі әрекет жасайды, - деді ол.
Министр Анкара мен Дамаск 1998 жылы келісімге қол қойғанын еске салды. Соның негізінде осы операция жүзеге асырылып отыр.