Саясат

Зеленский: Путинге бірінші болып телефон шалатын менмін

Соғысты аяқтағысы келетін Зеленский ғана сияқты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленскийдің тілшілермен болған баспасөз конференциясы 14 сағатқа дейін созылды. Соңында президенттің сөз сөйлеп шаршап кеткені сонша – жедел жәрдем қызметін шақыруға тура келді.

Зеленский мен Путин арасында дау-дамай әлі шиеленісіп тұрғаны белгілі. Сондықтан да Зеленский тілшілердің сауалына жауап беру кезінде осы мәселеге жиі тоқталумен болды. Алайда тілшілердің кейбір сұрақтарына жауап беруден үзділді-кесілді бас тартты. Яғни, украин әскерінің орналасуы жайлы фактілерді айтқысы келмейтінін бірден айтты.

- Біздің әскеріміз қайда орналасқанын бүкіл әлем білсін дейсіздер ме? Біздің де қолымызда көзір болуы керек қой. Жоспарымызды жайып салсақ, жеңілгеніміз емес пе? - деді Зеленский.

Одан бөлек, Зеленский Донбастағы соғысты тезірек аяқтағысы келетінін айтып, Путиннің бетпе-бетпе кездесуге келмей отырғанын бетіне басты.

- Путинге бірінші болып телефон шалатын – менмін. "Одан менің бір жерім кеміп не түсіп қалмайды". Өйткені мен соғысты, шынымен, аяқтағым келеді. Алайда Путинмен болған әңгімені елге жария ете алмаймын. Тіпті, Трамппен болған телефон әңгімесін де ешкімге жариялаған емеспін. Өйткені бұл мәдениетке сай келмейді. Жоғарғы бас қолбасшы болғандықтан, құпия нәрселерді жариялаудан бас тартамын. Кез келгенді жария ете беретін тележүргізуші емеспіз ғой, - деді Зеленский.

- Екі тарап та соғыстың аяқталуына мүдделі болуы тиіс. Көзбе-көз келіп шешуі керек. "Біздің әскер ол жерде жоқ" дегенді доғару қажет, - деді тағы да Зеленский мырза.

Украинская правда