Hi-Tech

Химия бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

Литий-иондық батарея ойлап тапқаны үшін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылы Нобель сыйлығы химия бойынша Джон Гуденоф, Стэнли Уиттингем және Акира Йошино есімде ғалымдарға берілді. 

Джон Гуденоф - Остиндегі Техас университетінде профессор, Стэнли Уиттингем - британдық, Нью-Иорктағы Binghamton University оқу орнында және Акира Йошино Жапониядағы Мейхо Университетінде жұмыс істейді. Олар ақшалай сыйлықты өзара бөліп алғанда әрбірінің үлесіне 9 млн швед кронынан (900 мың доллар) тиеді. 

Осы ғалымдардың арасында Джон Гуденоф - осы уақытқа дейінгі Нобель сыйлығын алғандардың ішінде ең қарт адам болып есептелді. Ол - 97 жаста. 

Литий-ионды батареялар жаңа технологиялардың дамуына маңызды рөл атқарады. Олар бұрыңғы аккумилятор түрлеріне қарағанда жеңіл әрі ықшамды. Бүгінде күнде литий-ионды батареялар электроникада кеңінен қолданылады: смартфондарда, ноутбуктерде, медициналық аппараттарда (кардиостимулятор) электрокарларда және т.б.