Bugin
ДАИШ-тың сапына қосылып кеткен
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда лаңкестік ұйымдастырмақ болған ДАИШ содыры ұсталып, 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бітімбаев есімді "жігіт" Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің көзіне басында-ақ күдік келтірген. Алматыда үш бірдей сауда орында лаңкестік ұйымдастырмақ деген сыбыс шыққанда, оған тінту жүргізіп, қолынан қару мен өздігінен жарылатын жарылғыш заттарды, сауда үйінің сызбасы бар құжаттарды тапқан.
- Тексеріс кезінде Бітімбаевтың ДАИШ өкілдерімен ғаламтор арқылы байланыс орнатып, Алматыда лаңкестік ұйымдастырмақ болғаны, кейін Сириядағы содырлардың қатарына қосылып, лаңкестікпен айналыспақ ниетте болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды ҰҚК.