Саясат
Арасында бейбіт тұрғындар да бар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com9 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Күрдістан жұмысшылар партиясы мен Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қарсы Сирияда әскери операция басталғанын жариялаған болатын.
Түрік әскерлері Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік көзі» операциясы кезінде 174 террористті өлтірді. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінде мәлімденді деп хабарлайды ТАСС.
Шабуылдың мақсаты – «Күрдістан жұмысшылар партиясы» мен «Халықтың өзін-өзі қорғау күштерінің» содырлары.
«Аль-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, түріктердің шабуылдарының салдарынан бір тәулікте 17 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Бұған дейін күрдтермен болған қақтығыстардан, кем дегенде, 14 түрік әскерінің қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61