Weekend

Балалық шақ: Сіз де анкета толтырдыңыз ба?

Балалық шаққа саяхат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мен білетін 1990 жылдан 2003 жылға дейінгі жастардың балалық шағы қазіргі әлеуметтік құрылғыларсыз да қызықты өткендей. Себебі физикалық ойындарды көп ойнайтын. "Анкета толтыру" да осы ұрпақтың "дәстүрі" еді. 

Анкета – бала кездегі біз маңызды деп санаған, бүгінгі күнде ностальгия ретінде еске алып отыратын сұрақ-жауап дәптері. Сіздердің естеріңізге түсірейін деп үш түрлі жастағы адамдарға бұрынғы анкета сұрақтарын жіберген болатынбыз. Назарларыңызға анкета жауаптарын ұсынамыз. Балалық шаққа бізбен бірге саяхаттаңыз.

Анкета:

(Маман, видео-maker)

1. Аты-жөнің...

Ықылас Тұрсынбекұлы

2. Жасың нешеде? (туған күн, ай, жыл)

Жасым 25-те (04.02.1994)

3. Қандай тағамды (тамақ) ұнатасың?

Бешбармақ

4. Музыканың қай жанрын тыңдайсың?

Хип-хоп және рэп

5. Қандай түс ұнайды?

Ашық көк және қара

6. Кім болуды армандайсың немесе кім болғың келеді?

Өмірден өз орынын тапқан адам болғым келеді.

7. Жылдың қай мезгілі ұнайды? Неге?

Көктем және қыс

8. Бос уақытыңда немен айналысасың?

Егер уақытым шынында да бос болып жатса, жатамын, демаламын. Негізі уақытым көбінесе бос болмайды.

9. Үйде неше адамсыңдар? (Кім-кім?)

5 адамбыз (Ата-анам, інім, қарындасым және мен)

10. Сенде сиқырлы таяқша болса, нені өзгертер едің?

Сиқырлы таяқшаның болмайтын нәрсе екенін білгендіктен, бұл туралы ойланбаппын да.

11. Папаңды жақсы көресің ба, әлде мамаңды ма? Неге?

Екеуін де бірге жақсы көремін.

12. Қай қалада өмір сүруді армандайсың? Не үшін?

Нью-Йоркте өмір сүретін едім. Себебі ол қала маған ұнайды.

13. Жігітің немесе қызың бар ма? (Болса, атын жаз.)

Ол жағы құпия болсын.

14. 10 жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің?

Режиссер болатын шығармын. (Коммерцияға төселген және қарны томпайған Рүстем Әбдірашқа ұқсап фильм түсіріп жүретін сияқтымын).

15. Достық дегенді қалай түсінесің?

Ащы мен тұщыны, ыстық пен суықты бірге көретін адам.

16. Мен сен үшін кіммін?

Сен мен үшін ерекше қызсың.

17. Қазақстанға қандай пайдам тиеді деп ойлайсың?

Пайдам мүмкін тиіп қалар. Бұл мені қатты алаңдататын нәрсе емес. Себебі пайдамның тиетінін білемін. Сондықтан қалай пайдамды тигізетінім жайлы ойламаймын.

18. Тілек жаз.

Алдыңа қойған мақсатыңа жет. Армандайсың ба, соның жолында еңбек ет.

19. Цитата жаз.

«Әр нәрсе істеп көрмегенше мүмкін емес көрінеді».

(Студент)

1. Аты-жөнің...

Дуйсенбаева Айнур Бекетаевна

2. Жасың нешеде? (туған күн, ай, жыл)

19 жастамын (11.09.2000)

3. Қандай тағамды(тамақ) ұнатасың?

Палау

4. Музыканы қандай жанрда тыңдаған ұнайды?

Rnb және pop

5. Қандай түс ұнайды?

Қара

6. Кім болуды армандайсың немесе кім болғың келеді?

Қонақ үйдің бастығы болғым келеді.

7. Жылдың қай мезгілі ұнайды? Неге?

Күз. Себебі күзде менің туған күнім болады.

8. Бос уақытыңда немен айналысасың?

Өлең тыңдаймын

9. Үйде неше адамсыңдар? (Кім-кім?)

5 адамбыз (Папа, мама, сіңілім, інім және мен)

10. Сенде сиқырлы таяқша болса, нені өзгертер едің?

Әлемді өзгертер едім.

11. Папаңды жақсы көресің ба, әлде мамаңды ма? Неге?

Екеуінде қатты жақсы көремін.

12. Қай қалада өмір сүруді армандайсың? Не үшін?

Сингапур. Себебі ол жақта барлығы өте жақсы дамыған.

13. Жігітің немесе қызың бар ма? (Болса, атын жаз.)

Жоқ

14. 10 жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің?

Өзімді бақытты жар, аяулы ана және мықты маман ретінде елестете аламын.

15. Достық дегенді қалай түсінесің?

Достық – екі адамның бір-бірін әрдайым қолдап жүруі.

16. Мен сен үшін кіммін?

Сен менің жан құрбымсың.

17. Қазақстанға қандай пайдам тиеді деп ойлайсың?

Болашақта Қазақстанның туризмін дамытуға үлес қосамын.

18. Тілек жаз.

Ешқашан берілмей, мақсаттарыңа қол жеткіз.

19. Цитата жаз.

«Наедине со звездами лучше, чем в толпе людей».

(Мектеп оқушысы)

1. Атың-жөнің...

Берекет Абай Едігеұлы

2. Жасың нешеде? (туған күн, ай, жыл)

Жасым 11-де (24.09.2008)

3. Қандай тағамды (тамақ) ұнатасың?

Шашлык

4. Музыканы қандай жанрда тыңдаған ұнайды?

Классика

5. Қандай түс ұнайды?

Ақ

6. Кім болуды армандайсың немесе кім болғың келеді?

Бизнесмен болғым келеді.

7. Жылдың қай мезгілі ұнайды? Неге?

Жаз ұнайды. Өйткені біз жазда каникулға шығамыз.

8. Бос уақытыңда немен айналысасың?

Домбыра тартамын

9. Үйде неше адамсыңдар? (Кім-кім?)

5 адамбыз (Әжем, әкем, анам, інім және мен)

10. Сенде сиқырлы таяқша болса, нені өзгертер едің?

Әлемді өзгертер едім.

11. Папаңды жақсы көресің ба, әлде мамаңды ма? Неге?

Екеуінде жақсы көремін.

12. Қай қалада өмір сүруді армандайсың? Не үшін?

Дубайда. Себебі ол қала маған ұнайды.

13. Жігітің немесе қызың бар ма? (Болса, атын жаз.)

Жоқ

14. 10 жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің?

Америкада білім алып жүрген студент ретінде елестетемін.

15. Достық дегенді қалай түсінесің?

Дос – саған көмектесіп, сені ешқашан да қиындықта қалдырмайтын адам. Достық–сол адамдардың арасында болатын қарым-қатынас.

16. Мен сен үшін кіммін?

Әпкемсіз

17. Қазақстанға қандай пайдам тиеді деп ойлайсың?

Қазақстанның демократиясын көркейтуге көмектесемін.

18. Тілек жаз.

Өмірде ешқандай жамандық болмаса екен...

19. Цитата жаз.

Цитата білмеймін.

Байқасаңыз, адамның жасы өскен сайын өмірді қабылдауы, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Мектеп жасындағы оқушы қиялға ерік беретін, барлығына сенетін болса, студенттің берген жауабынан оның шынайы өмірді сәл де болса қабылдағаны білінеді. Ал белгілі бір мамандық иесі өмірді қалай бар, солай қабылдай алуымен ерекшеленді.

Ал сіз бір рет болсын осындай анкета толтырдыңыз ба?