Саясат
Тимур Құлыбаев бюджет шығынын 150 млрд теңгеге дейін қысқартуға болатынын айтты
«Мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай әлеуетті кірісі кедендік салада жасырын жатыр. Қытай бойынша айналы кедендік статистикадағы айырмашылық шамамен 7 млрд долларды құрайды. Бұл контрафактілерді жеткізушілерге қызмет көрсететін көлегейлі сауданың негізгі себептерінің бірі», - деді Тимур Құлыбаев.
Осы ретте ол еліміздің Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстан-Қытай шекарасындағы шығын 200 млрд теңгеден астамға қысқаратындығын айтты. Мұндай мол қаражатқа шекарадағы бақылау-өткізу пункттерін жаңғырту есебінен қол жеткізілмек.
«Бұған қоса, кедендік әкімшілеуді одан ары жетілдіру есебінен бюджет шығынын 100-150 млрд теңгеге қысқарту әлеуеті бар», - деді ол.
inform.kz