Саясат
Есесіне оны компания қызметкерлері қолдады
Компьютер ойындарын жасаушы Blizzard компаниясы жеңімпаз атанған киберспортшыға Гонконгтегі наразылық акцияларын қолдағандығы үшін бас жүлдені бермей қойды. Ал компанияның бұл әрекеті халықаралық наразылық тудырып, компания өнімдеріне байкот жариялауға әкелді. Бұл туралы TJournal хабарлады.
Компания басшылығының іс-әрекетіне қызметкерлері қарсы шықты. Олар жұмыс орындарын тастап компания ғимаратының алдына жиналды. Барлығы 30 қызметкер таңертеңнен бастап түс ауғанға дейін компания әрекетінің дұрыс еместігін айтып наразылықтарын білдірді.
Сондай-ақ олар Вlizzard басшылығының шешіміне көңілі толмайтындығын жеткізіп петицияға қол қойды.
Қызметкерлердің пікірлері:
"Вlizzard-тың ойыншыға жасаған әрекеті ойлантарлық, бірақ таңқалуға да болмайды. Компания Қытайдан қомақты қаражат табады. Сондықтан осындай ыңғайсыз жағдайға қалып отыр"
"Менің көңілім қалды. Біз бүкіл әлемдегі адамдар біздің ойындарымызды ойнағанын қалаймыз. Бірақ мұндай іс-әрекетті саяси бейтараптық сақтап қабылдауға болмайды"
Олардың пікіріне үн қоса әлеуметтік желідегі қолданушылар компанияға бойкот жариялап, ойындарды жаппай өшіріп жатыр. Ал америкалық саясаткерлер сынға алды. Ал компания басшылығы әзірге бұл жағдай жайлы пікір білдірмеді.
Айта кетейік, Гонконгта бірнеше айдан бері Қытайдағы экстрадиция заңы себебінен наразылық акциялары өтіп жатыр. Бірнеше күн бұрын Гонконгтағы Кэри Лем ауданының басшысы наразылық акциясы немесе жалпы халық болып жиналған жерлерде маска киюге тыйым салу жайлы мәлімдеме жасаған.
Осыдан кейін протесттің жаңа түрі басталған болатын.