Саясат
Бүтін елді бөлуге болмайды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраина президенті Владимир Зеленский Киевке қарасты Донецк және Луганск облыстарына автономия беруге қарсы екенін айтты. Ол бұл туралы "112 Украина" телеарнасы трансляция жасаған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Мен біздің еліміздің 34 пайызы (сауалнамаға сәйкес) осы аумақтарды бөлуді мақұлдағанына сенбеймін. Білмеймін, айта алмаймын. Мен бұл аумаққа автономия мәртебесін беруге дайын емеспін, - деді украин көшбасшысы.
Сонымен қатар, ол белгілі бір гуманитарлық мәселелерді талқылауға дайын екенін айтты.
- Алайда әзірге құжаттың мәтіні жоқ болғандықтан, Киев қандай мәселелер бойынша ымыраға келетінін айту әлі ерте, - деп есептейді Зеленский.