Bugin
Бішімбаев неге босап шықты
Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару комитеті Қуандық Бішімбаевтың неге босап шыққанын түсіндірді.
Бішімбаевтың босап шығу туралы өтінішхатын Шымкенттегі Абай аудандық соты 25 қыркүйек күні қараған.
- Сот Бішімбаевтың өтінішхатын қанағаттандырып, 11 қазаннан бастап заңды күшіне енді. Бішімбаев мемлекет басшысынан кешірім сұрап, рақымшылық жасауын өтінген еді. Содан 2019 жылдың ақпан айында соттың шешімімен жаза мерзімі қысқартылды, - деп хабарлады Комитет.
Одан бөлек, Бішімбаев мемлекетке келген шығынды толық өтеп берген көрінеді.
- Бишімбаев сот міндеттеген борышты толық өтеді әрі істеген ісін мойындап, өкініш танытты. Жазасын өтеу кезінде өзін жақсы жағынан таныта алды, - деді тағы да комитет.