Weekend

Жаңа өмір

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір топ жұлдыз аспанымда көрінді, 

Жақсыларға ұсынамын төрімді.

Сенім артқан жандар қастық қылса егер,

Өз-өзіме өзім қазам көрімді. 


Бір топ жұлдыз жарқырап тұр аспанда, 

Жарық шашқан жұлдыздардан жасқанба.

Мына əлемнің түсінбессің сырларын, 

Өз-өзіңнен өзің ғана қашқанда. 


Шоқ жұлдыздар сөніп бара жатқандай,

Арайлана ағарып таң атқандай. 

О, Тəңірім, не істеп жүрмін мен өзі,

Қиқулаған түлкілерден сақтанбай.


Келер күннің бақ дәулетін шашпайын,

Өткен күнді өткен шаққа тастайтын.

Арайлана таңда атты бозарып,

Жаңа күнмен жаңа өмір бастайын.