Woman

Гендерлік теңдік орнағаны ма?

11 қазан мен 19 қараша қандай күн?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін 11 қазан - халықаралық қыздар күні. Ол бойжеткендердің құқығын қорғау мақсатында пайда болған.

Атап айтқанда, қыздар неке жасына жетпей, өз еркіне қарсы тұрмыс құрып келеді, қолжетімді білім ала алмайды, көп жағдайда кәмелеттік жасқа толмай зорлық-зомбылық құрбаны болады.

Халықаралық қыздар күнін енгізу туралы бастаманы Канада БҰҰ Бас ассамблеясында көтерген болатын. Қарардың енгізілуін Канаданың әйел мәселесі жөніндегі министрі Рона Амброуз жүзеге асырды. 2011 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы 2012 жылдың 11 қазанынан бастап Халықаралық қыздар күнін атау туралы қаулы шығарған.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылардың ішінде ерте жастан некеге тұру мәселесі жиі кездеседі. Қазақстан Республикасында балалар некесі сирек орын алғанымен, ауыл тұрғындарының арасында бұрыннан келе жатқан көзқарастар қалып қойған (отбасында әйелдер бағынышты, қыздар ата-аналарына толық тәуелді топтар арасында).

2016 жылғы ресми дерекке сүйенсек, 1142 кәмелеттік жасқа толмаған балалардың некесі тіркелген. Ерте жаста отбасын құру қыз балаларды балалықтан айырады, білім алуына кедергі келтіреді, мүмкіндіктерін шектейді, зорлық-зомбылық пен күш қолдану тәуекелдігін арттырады, денсаулығына қауіп төндіреді.

Балалар некесін болдырмау қыздардың құқықтарын қорғауға, оларға қатысты зорлық-зомбылықты әрекеттерін азайтуға, ерте жүктілікті болдырмауға, АИТВ жұқтыруға, ана өлімі мен мүгедектікті, сондай-ақ босанғаннан кейінгі терең жараның алдын алуға ықпал етіп келеді. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін некеге тұрған қыздар оқуға мүмкіндік алады, лайықты білімі арқылы өзі және өзінің отбасы үшін жақсы өмір сүру үшін мықты негіз қалайды, сол арқылы өз елінің дамуына болашақта үлес қоспақ.

Өкінішке қарай, бұл күннің түп мағынасын түсінбеген ерлер қауымы өз өкпелерін білдіріп жатады. Сіздерді қуантарлық ақпарат, халықаралық ерлер күні - 19 қараша. Халықаралық ерлер күнінің ұйымдастырылу мақсаты - ерлерді гендерлік кемсітушілікке және гендерлік теңсіздік проблемасына назар аудару. Мерекені ұйымдастырушылар ұл балалар мен ер адамдардың денсаулығын сақтауды және ерлердің отбасы құрудағы атқаратын жағымды рөлін алға қояды. Алғаш рет мереке 1999 жылы тойланған. Бүгінде 60-тан аса ел атап өтіп жүр.

Оқырмандар арасында халықаралық мейрамдар не үшін керек деген сауал туындауы мүмкін. Халықаралық күндер көпшілікті көкейкесті мәселелер бойынша ақпараттандыруға, жаһандық проблемаларды шешуге саяси ерік пен ресурстарды жұмылдыру, сонымен қатар адамзаттың жетістіктерін дәріптеу және нығайту мақсатында қажет. «Білгеніңмен бөліс, олда білсін».