Спорт

Елдостың еншісінде - қола

Masters турнирі 16-17 желтоқсанға жоспарланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Гуаджчоу қаласында өтіп жатқан Masters турнирі өтіп жатыр. Халықаралық Дзюдо Федерациясының күнтізбесіне енген турнир дзюдошылар үшін 2019 жылды қорытындыламақ.

Бұл жарыстың басқа турнирлерден айырмашылығы әлемдік рейтингте үздік 16 дзюдошы қатысады. Masters турниріне Қазақстан құрамасы сапынан 60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов, 66 келіде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов, 73 келіге дейінгі салмақта Жансай Смағұлов, 81 келіде 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза және 90 келіде Ислам Бозбаевтар бағын сынауға мүмкіндік алған болатын.

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге шыққан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов ел қоржынына қола жүлде салды. Елдостың жарыс жолындағы белдесулеріне тоқталып өтсек.

60 келіге дейінгі салмақтағы балуан Елдос Сметов бірінші белдесуінде АҚШ спортшысы Адонис Диазды жарыс жолынан шығарды. Екінші белдесуінде испаниялық Франциско Гарригосты ұтты.

Ширек финалда өзбекстандық Шарафуддин Лутфиллаевты жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда ресейлік Роберт Мшвидобадзегеескерту қағазымен  есе жіберіп, қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық  балуан ресейлік Ислам Яшуевты уақытынан бұрын жеңіп, жүлдегерлер тұғырына көтерілді.

Осы салмақта татамиге шыққан қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев алғашқы айналымда бос болғанымен, екінші белдесуде ресейлік Альберт Огузовқа есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Сондай-ақ 66 келдіе бақ сынаған Елдос Жұмақановтың да қола жүлде иеленуге тамаша мүмкіндігі болған. Алайда Елдостың моңғолиялық Довдон Алтансухқа шамасы жетпеді. Осы салмақта белдескен Ерлан Серікжанов алғашқы айналымда бос болды. Бірақ екінші айналымда моңғол балуаны Довдон Алтансух өз мықтылығын мойындатты.

Ел намысын 73 келіге дейінгі салмақта Жансай Смағұлов қорғап, алғашқы айналымда моңғолиялық Олдбатар Ганбатаардан ұтылды.