Bugin

Апаттан опат болған көліктерді жөндеуге қанша ақша кетеді? Сақтандыру шығын жаба ала ма

Әр жетінші көлік апатында бір адам қаза болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҰҰ ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, жылда жол апатынан 1 млн 25 0 мың адам көз жұмса, 20-50 миллион адам ауыр хәлде ауруханаға түседі. Қазақстанның өзінде жарты жылда 1500-ға жуық бала ауыр жарақат алса, 70-ке жуығы мерт болды.

Соңғы 10 жылда республика бойынша көлік жолдарында 164 мың жазатайым оқиға орын алған, соның салдарынан 26 мың адам қайтыс болып, тағы 215 мың адам жарақат алыпты. Әр жетінші апатта адамдар қайтыс болып, осы уақытқа дейін 2 096 адам көз жұмса, 20 445 адам жарақат алды. 

Көлік апаттарының көшбасшысы – Алматы қаласы. Өткен жылы Алматыда 100 мың адамға шаққанда 246 жазатайым оқиға орын алды. Екінші орынды Жамбыл облысы алды - 113 жазатайым оқиға. Үшінші орында - Павлодар облысы (112 жазатайым оқиға). Жол апаттары аз кездесетін аймақтар: Солтүстік Қазақстан облысы (32), Шымкент (38) және Қарағанды облысы (39).

Сақтандыру компаниялардың бірі соңғы алты жылдағы жол апат оқиғаларының статистикасын талдап, оны сақтандыру төлемдері туралы деректермен бөлісіп, Қазақстанның қай өңірінде жазатайым оқиғалар орын алатындығымен бөлісті. Жыл сайын Қазақстан жолдарында орташа есеппен 2,5 мың адам қайтыс болады, тағы 23 мың адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алады.  Статистика комитетінің мәліметтері бойынша апаттардың орташа саны жылына 18 мыңнан асады. 

Сақтандыру төлемі тек зардап шеккендерге қаржылық қолдау болып табылады. Алайда соның арқасында адамдар күтпеген шығындардан, яғни, автомобильді жөндеуге немесе емдеуге байланысты шығынды өтеуге жәрдем алады. Деректер мен зерттеулер жазатайым оқиғалар жиі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан болатындығын анықтаған.

Зерттеу бойынша оқиғалардың 86%-ында орташа шығын 344 мың теңгеге бағаланған. Яғни, бұл сома автокөлікті авариядан алған зақымданудан қалпына келтіруге жеткілікті болыпты.

Сақтандыру төлемі көп жағдайда 150-300 мың теңгеге дейінгі аралықта бағаланады. 26,5% жағдайда 50-150 мың теңге шығынды өтепті. 

Үшінші орында 300 000-нан 500 000 теңгеге дейінгі баға санаты. Бұл жазатайым оқиғалардың 18,2% құрайды. Содан кейін 500 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін (14,5%) келтірілген апаттар болады.

Қауіпсіз көлік жүргізу маңызды екенін ұмытпаңыз.