Саясат
Украина тағдырының мәселесі
Украина екі бөлікке бөлінген Кипр тағдырын кешуі мүмкін. Украина сыртқы істер министрлігінің басшысы Вадим Пристайко "Радио Свобода" берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
Кипр сценарийі "нормандтық формат" аясында Ресеймен келіссөздер бұзылған жағдайда орын алуы мүмкін, деп болжады дипломат.
Пристайконың айтуынша, бес жыл бойғы "Минск процесі" нәтиже берген жоқ. Егер бұған Украинаның батыс серіктестері дайын болса, "басқа жолды" іздеу керек. Бірақ "егер бұл жұмыс істемесе", Киев өзі үшін "дамудың қолайлы жолын" анықтауы тиіс.
"Кипр нұсқасы" бойынша, мемлекет, басқыншының белгілі-бір аймақты "тартып алғанын" біледі, соған қарамастан, біз, халқымыздың көпшілігі өздері үшін таңдаған бағытта дамуға және қозғалуға күш табады", — деді Пристайко.
Кипр екі бөлікке бөлінген: Кипр Республикасы мен Солтүстік Кипр. Аралдың екі бөлігінің арасында БҰҰ бітімгерлері қорғайтын буферлік аймақ өтеді.